Accessibility links

Грузия Ресеймен келіссөз жүргізгісі келіп отыр


Грузия үкіметі Оңтүстік Осетиядағы дауды ретке келтіруді көздеген комиссияның жұмысы нәтиже бермейді, сол себептен Ресеймен жоғары деңгейде келіссөз жүргізу керек деп есептейді.

Оңтүстік Осетияда жүрген Грузияның премьер-министрі Зураб Жванияның көлігі атқыланды. Зураб Жвания Цхинваль аймағын аралап жүргенде, Эредви деген елді мекеннің жанында оқ атыла бастаған. Премьер-министр зардап шекпеген, оның сақшылары Зураб Жванияны жылдам басқа жерге алып кеткен. Бұл оқиғаға байланысты жауапкершілік осетияның қарулы топтарына жүктелді. Оңтүстік Осетияның жетекшісі Эдуард Кокойты болса, бұл ақапаратты арандатушылық, деп бағалады. Кокойтының сөзіне жүгінсек Грузияның премьер-министрінің көлігі атқыланған Эредви елді мекені Грузияның ішкі істер министрлігінің бақылауында. Тбилиси бұл жалған ақапаратты пайдалана отырып, әскери операция бастауы мүмкін, деп мәлімдеді Кокойты.
XS
SM
MD
LG