Accessibility links

Ливан Сирия әскерін елінен шығарғысы келмейді


Ливаннан шетел әскерлері кетсін деген Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын орындаудан Ливан жұма күні бас тартты. Ливан сыртқы істер министрі Джейн Обейд бұл резолюция Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің ішкі шаруаларына қол суғуға болмайды деген принципті бұзады деп сипаттады. Кеше қабылданған резолюцияда Сирияның аты аталмасада, Ливандағы жалғыз шетелдік әскер – осы Сирияныкі.

Ал бүгін Ливан парламенті ел конституциясына өзгеріс жасап, ел президенті Эмиль Лаходтың өкілеттігін тағы үш жылға созу мәселесі бойынша дауыс бермек.
XS
SM
MD
LG