Дауыл Флорида жағалауларына кеше жеткен. Қатты жел электр бағаналарын, ағаштарды зақымдады. Кейін, дауыл аяқ астынан бәсеңдеген болатын. Бірақ штат билігі жел қайта күшеюі мүмкін деген. Бұл осы аймақтағы соңғы 3 аптадағы екінші қатты дауыл. Флориданың 2 жарым миллион тұрғындарына көшу жайлы ұсыныс жасалды. Өткен айда «Чарли» дауылы Флорида штатының оңтүстік-батысында 20 адамның қазасына себепкер болған.