Accessibility links

Ізраилдің қауіпсіздік кабинеті Газа аумағынан кетіп жатқан еврейлерге өтемақы беру пакетін құптады


Ізраил радиосының хабарлауынша, премьер-міністр Ариэл Шаронның жоспары дауыс беруде құпталған. Жоспар бойынша шамамен 8 мың адамға өтемақы берілуге тиіс. Ал Иорданның батыс жағалауында қадағалау-өткізу бекетінде жанпидашылардың кесірінен екі Ізраил сарбазы жаралы болды. «Әл-Ақсы» тобы жарылысты өз мойнына алды. Хабарламаларға сәйкес, жарылыс Ізраил машинасының алдында болған. Кеше Ізраил тік ұшақтары Дженин елді мекеніне оқ жаудырып, палестиндік үш жауынгерді мерт қылған. «Әл-Ақсы» тобының өкілдері бүгінгі жарылысты сол оқиғаға жасалған кек деген мәлімдеме жасады
XS
SM
MD
LG