Accessibility links

Бүгіннен бастап, Ресей Әзірбайжанмен шекарасында қатаң басқару құралдарын енгізеді


Ресей шенеуніктері бұл шара Солтүстік Осетиядағы Беслан қаласындағы мектептегі адамдарды кепілдікке алу оқиғасынан кейін, Кавказдың солтүстігіндегі жағдайдың нашарлауына орай, енгізілген деп отыр. Ресейдің сыртқы істер міністрлігі 4 қадағалау - өткізу бекеттерінде көліктер мен адамарға шектеу қойылатындығын хабарлады. Бір бекет тек мектепке баратын шәкірттер үшін, және жұмыс істейтін ересектер үшін, ашық болады. Қалған 3 бекет тек қана үйлеріне қайтатын Ресей және Әзірбайжан азаматтарына арналады. Ресей шенеуніктері, бұл шара уақытша және Кавказдың солтүстігіндегі жағдай қалыпқа келген соң алынады деп отыр.
XS
SM
MD
LG