Accessibility links

Америка шенеунігі Джон Данфорт айтып өткендей, Құрама Штаттар мен Ирақтың уақытша үкіметі қаңтар айына жоспарланған Ирақ сайлауында елдегі жалғасып жатқан зомбылыққа орай, ешқандай кешігу болмау керек деген пікірмен келісті


Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Америка елшісі Джон Данфорт сайлау мерзімінің кез келген кешігуі қорқытуды мақсат етіп отырғандардың жеңісіне әкеп соғады деді. Оның бұл мәлімдемесі Ирақта сейсенбі күні шамамен 70 адам өлтірілгендегі оқиғадан кейін айтылды. Тек бір жағдайда автомашина жарылған кезде, жаңадан полицияға келмекші болғандармен бейбіт тұрғындардан 47 адам мерт болып, 100 ден астамы жаралы болды. Бұл жарылысты Әбу Мусаб аз-Заркауидің тобы өз мойнына алды
XS
SM
MD
LG