Қазақстанның ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев жексенбіде өткен сайлауды “әділетсіз” деп бағалап, оған наразылық ретінде ресми лауазымынан бас тартты. Министрлердің ішінен оппозицияны қолдаған жалғыз министр Алтынбек Сәрсенбаев – жексенбі күні өткен сайлау әділ де еркін және ашық болмады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, дауыс беру барысына белсенді түрде жағаласқан үкіметтің құрамында өзі қала алмайды. Алтынбек Сәрсенбаев ресми лауазымсыз-ақ қоғамға адал қызмет етуге болады деп санайды.