“Экспресс К” газетінің хабарлауынша, “Қорғаныс және Қазақстан Республикасы қарулы күштері” туралы заңға енгізілетін жаңа өзгерістерге сәйкес, ендігі уақытта істен шыққан әскери мүлікті “қарулы күштер емес”, штаб бастықтарының комитеті ғана шеше алады. Дегенмен мақала авторы, штаб бастықтары комитетінің мемлекеттік емес, тек әскери мүлікке байланысты мәселелерді ғана шеше алатындығына айрықша тоқталып өтіпті. Сондай-ақ заңға енгізілген өзгертулер негізінде, парламент - қорғаныс және әскери қарым-қатынасқа қатысты халықаралық келісім -шарттарды бекітуге және оған байланысты парламенттік тыңдау өткізе алады.
Бұл тақырыпты жалғастырған “Известия Казахстан” басылымының 22 қыркүйек күнгі санында “Қорғаныс және Қазақстан Республикасы қарулы күштері” туралы заңға енгізілетін жаңа өзгерістерге сәйкес ендігі уақытта қарулы күштердің мемлекеттік бюджеттен ғана емес, басқа да жолдармен қарыжыландыратындығы хабарланыпты. “Известия Казахстан” басылымының хабарлауынша, “Қорғаныс және Қазақстан Республикасы” туралы заңға жиырма алты өзгеріс енгізілген.
“Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасы оңтүстікқазақстандағы Сарыағаш қаласында демаракациялық комиссияның төртінші отырысының болып өткендігіне тоқталыпты. Демаркациялық комиссияның мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы аппараты әкімінің бөлім меңгерушісі Бексейіт Дүйсебаевтың айтуынша, отырыс кезінде шекарада тұратын адамдардың құқын шектемеу керектігі және олардың азаматтығын ескеру қажеттілігі сөз болған. Сонымен қатар шекара сызығы өтетін жерде тұратын адамдардың үйлері мен жерлеріне зиян келтірмеу мәселесі де қарастырылған. Дегенмен мақала авторы, шекара сызығын белгілеу кезінде кейбір үйлердің бұзылатындығын жоққа шығармайды. “Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасының хабарлауынша, Сарыағаш ауданы бойынша өткізілген келіссөздер өз жұмысын тәмамдады. Шекара сызығы белгілінген жерге елу баған орнатылған. “Жалпы қазақстан-өзбекстан шекарасында бір мың бес жүз баған орнатылмақшы. Оның ұзындығы екі мың үш жүз елу бір шақырымға созылады. Барлық шекара белгілерін орнатуды үш жылдың ішінде тәмәмдау жоспарланып отыр” деп жазады “Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасы.
Қазақстан президентінің жарлығымен жиырма екінші қыркүйек, Қазақстан халықтары тілдері мерекесі болып жарияланды. Міне осыған орай “Егемен Қазақстан” басылымының сәрсенбілік санында осы күнге орай Тілдерді дамыту департаментінің ұйытқы болуымен Астана қаласында Қазақстан халықтары тілдерінің алтыншы республикалық фестивальінің өз жұмысын бастағандығы тілге тиек етіліпті. Газет тілшісінің хабарлауынша, фестиваль аясында “Мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыт-бағдарлары” деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция”, “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты өзге ұлыс жастарының арасында қазақ халқының тілін, салт дәстүрін білу деңгейін анықтауға арналған конкурс болады. Сондай-ақ “Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – азаматтық парызымыз” айдырымен телемарафон, Қазақстан халықтары “Ассамблеясымен бірлесе өткізілетін мерекелік концерт, басқа да іс-шаралар жүзеге асырылады.
“Айқын” газетінде жарық көрген Сайраш Әбішқызымен өткізілген сұхбатта да негізінен мемлекеттік тіл мәселесі әңгіменің арқауына айналыпты. Сондай-ақ Сайраш Әбішқызы мемлекеттік тіл мәселесі өз деңгейінде жұмыс істемей, біз ешуақытта қазақстандық ұлт болып біріге алмаймыз дегенді айтыпты. Сайраш Әбішқызы президенттің қазақстандық ұлт мәселесін көтеруі қазақ тілінің мәселесін тиімді шешудің алдындағы түбегейлі ойластырылған мәселе деп санайды.
“Заң” газеті болса, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Астана қалалық департаменті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында “Ана тілің арың бұл” атты байқау өткізгендігін хабарлапты. Департамент директорының орынбасары Байнұр Байгелдиннің айтуынша, аталған мекемеде іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізушілердің жалақыларына он-он бес процент аралығында үстеме ақы қосылған.
Әрине “Азаттық” радиосының тыңдармандары. Сәрсенбі күнгі жарық көрген мерзімді басылымдарда, сонымен қатар он тоғызыншы қыркүйек күні өткен сайлау тақырыбы да кеңінен сөз болыпты. “Литер” басылымы өзінің сәрсенбілік санында “Бірмандатты аймақтардан кімдердің өткендігі және кімдердің екінші турға түсетіндігінің тізімін жариялапты. Ал, партиялық тізім бойынша берілетін он орыннның бесеуі “Отан” партиясына, екеуі “Асар” партиясына екеуі “Ақ жол” партиясына және бір орын «АИСТ” саяси блогына бұйырыпты.
“Аргументы и факты” газетінің “Қазақстан” қосымшасында он тоғызыншы қыркүйек күні Қазақстанның барлық аймақтарында сайлаудың қалай өткендігі туралы мақалалар топтамасы ұйымдастырылыпты. Газетте келтірген деректерге жүгінсек, Қазақстанның барлық сайлау учаскелерінде теке-тірестік жағдай орын алып отырған. Көптеген сайлаушылар дауыс бере алмаған.