«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.
Заңдар және сот құқықтық реформа комитетінің жобаға берген қортындысында бұл құжаттың Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені айтылады.
Бұған дейін Қазақстанда «Ақшаға рақымшылық жасау туралы» заң қабылданған-ды. Алайда, осы заңның талқылауына қатысқтан депутаттардың кейбірі одан Қазақстан экономикасына пайда болды деп айтып отырған жоқ. Парламент Мәжілісінің депутаты Болат Әбішев ақшаға рақымшылық жасалғанда елімізге 450 миллион доллардың үстінде қаражат келді. Ол үкіметке, өндіріске айтарлықтай қызмет жасаған жоқ, дейді. Экокномика ғылымдарының кандидаты, депутат Валентин Макалкин мұндай заң жобасының қабылдануына қарсы. Ол мүлікті ұрлаған ұры түрмеде отыруы керек, дейді.
Валентин Макалкин экономист-сарапшылардың есептеулері бойынша жария етілмеген мүліктің 25-тен 35 пайызға дейінгі көлемі көлеңкелі секторда, дейді.
Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаев, бұған дейін қабылданған «Ақшаға рақымшылық жасау туралы» заңнан күткендей нәтиже болмады, бүндай заңдрады қабылдай берсек ұрлық тоқтамайды деген пікірде.
Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам мұндай заң жобасы шағын топтардың мүддесі үшін жасалады деп есептейді.
Ал, «Ақжол» партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов бұндай заң жобасынан Қазақстан экономкимасына пайда келмейді дейді. Ал, астана тұрғыны Жігер Тұмұрзаұлы мұндай заң қабылданса, жаңа жұмыс орындары ашылады деген үмітте.
Сөз болып отырған заң жобасы қыркүйектің 29-ында Мәжілісітің жалпы отырысында қаралады деген ақпарат бар.