Мэлс Елеусізов өзі құрып отырған экс-үміткерлердің клубына депутат бола алмай қалғандардың тең жартысының мүше болатынына сенімді. Ал биылғы жылы Парламент сайлауына 600-ге жуық үміткерлер қатысқан. Оның тек 77-сі ғана Парламент депутаты болып сайланды. Мэлс Елеусізовтің ойынша, экс-үміткерлердің клубы Парламент пен халықтың арасындағы байланыс құралы болады. Былайша айтқанда, сайланған депутаттардың әрбір атқарған жұмыстары жайында сайлаушыларына хабардар етіп тұрады, – деп ойлайды Мэлс Елеусізов. /дауыс
Мэлс Елеусізовтің айтуынша, клубтың жұмыс істеуіне қарсы депутаттар табылуы мүмкін. Бірақ біз мақсатымызды соңына дейін алып баруға тырысамыз, – дейді Мэлс Елеусізов.
Қазақстан Парламенті депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан үміткер болып, бірақ сайлана алмай қалған екінші сайланымдағы Мәжіліс депутаты Қайрат Шалабаев экс-үміткерлер клубының тиімді жұмыс істейтініне сенім артпайды. «Депутаттарды округтағы сайлаушыларының өздері бақылайды. Өйткені ұйым құру үшін де көп қаражат керек етеді, оны олар қайдан алмақшы, осының бәрі күдікті сауалдар туғызады», – дейді ол.
Алайда экологиялық «Табиғат» қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов қаражат жағы қиын шаруа емес дегенді айтады.
Ал Қайрат Шалабаевтың өзі бұл ұйымға кірмейтіндігін айтады. Ол Үкімет қызметке шақырады деген үмітте.
Ал Талдықорған қаласы бойынша, Мәжіліс депутаты болып қайта сайланған Ерасыл Әбілқасымов депутаттардың жұмыстарын бақылайтын мұндай ұйымдардың қажеттігін айтады. «Көп депутаттар сайланғаннан кейін өзінің шаруаларымен айналысып кетеді. Депутаттыққа өтер кезде көп уәде етеді, бірақ орындамайды. Мәселен кейбір депутаттар айлап тұрып жұмысқа келмейді. Келіп тек айқайлап-айқайлап кетеді», – дейді ол.
Ерасыл Әбілқасымов Парламент депутаты деген мандатты нашақорлықпен салыстырады. Депутаттар да нашақорлар секілді, саясаттың құмар ойынына кіріп кетеді, – дейді.
Орталық сайлау комиссиясы болса, үшінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының тізімін анықтап қойды. Енді олар 2005 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, қызметтеріне кірісетін болады.