Санжана Ахмадтың ауыз бекіткенін байқаған, бірге оқитын студенттер таңқалысты жағдайда болған екен. Қазіргі кезде Құрама Штаттарының оңтүстігіндегі Тенеси штатының студенті Санжана ханым бір күндік Ораза ұстау шараларын ұйымдастыруға көмектесуде. Бұл- Америкада кеңінен етек жайған шара болып отыр. Одан түскен қаржылар баспанасыздарға көмек көрсететін ұйымдарға аударылады. “Адамдарға бұл қадамдар ұнауда. Күні бойы кофе ішпей, шылым шегетіндер болса, одан да бас тартып, сондай-ақ ешкімге ашуланбай, ізетті боп жүрудің қандай екендігін сезіну олар үшін қызық көрінуде. Олар үшін бұл дәстүр рухани азық та болуда. Олар сондай-ақ, Ауыз ашардағы дәм татуды да айрықша ұнатады”-, дейді Санжана. Ораза тұту деген тек тәннің тазалануы ғана емес, сондай-ақ рухани жағынан нұрлану және мұқтаждарға қол ұшын беру екендігін ол баса айтып отыр. Санжана оқитын университетте бір күн Ораза ұстау үдерісі 2001-ші жылдан бері өткізіліп келеді екен. Биылғы жылдың 26-шы қазанында 120-дай студент осы шараға қатыспақшы.
Ал, қазанның 27-де болса, Британия елі бойынша осыған ұқсас бір күндік Орза тұту жүзеге асырылмақшы. “Ислам жайлы Түсінік аптасы” деген атынан белгілі болып тұрғанындай, бұл күні ауыз бекіткендер Ислам діні туралы түсініктерінің кеңіп, қызығушылықтарының арта түскендігін айтуда. Сүлейман молда аталған үдерістен түскен қаржының Ислам студенттері қауымдастығы федерациясына аударылатындығын хабарлады. Носингем университетінде осындай бір күндік Оразаны алғаш рет ұйымдастырған кезде мұсылман емес азаматтар ауыз бекітудің не екендігі жайлы ойланып, қайран қалысқан екен. Бұл шараларға қатысушылар Мұсылман балалары сияқты 30 күн Ораза ұстамайды, әрине.
Британиялық студенттің айтқанындай, бір күндік ауыз бекітудің өзі оңай тірлік емес. Сол күні сәресіге тұра алмай, ұйықтап қалған Пол Данлуп деген студент түстен кейінгі сағат төрттерде өзін нашар сезіне бастаған екен. Кітапханада, ашқұрсақ күйде кітап оқуға тырысқан ол Ауыз ашар сәтін күтеді. Сондағы жеген тамағының дәмі де айрықша боп көрінген екен. Бұл күнгі түйген ойлары, келген қорытындылары жайлы ол былай дейді: “Ауыз бекіту кезінде мен өзімді аса маңызды нәрсені жүзеге асырып жүргендей сезіндім. Сондай-ақ өзімнің кім екендігім жайлы рухани дәрежеде терең ойларға берілдім. Сондай-ақ, 30 күн Ораза ұстай алмайтындығымды да түсіндім”-, дейді студент Данлуп. Биылғы жылы да бір күндік осы шараға қатысуды ол жоспарлауда. Бұл жолы тиісінше таңғы сәресіге тұрып, дұрыстап ауыз бекітпекші екен.