ИЕРУСАЛИМ: Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон кеше өзінің Газа аймағынан армияны шығарып, еврей қоныстарын көшіру жоспары бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы еврей тұрғындарының ұсынысын қабылдамады. Премьер-министр еврей қоныстары тұрғындарының тобымен кеше Иерусалимдегі кеңсесінде кездесіп, А.Шарон оларға Газа аймағынан толық кетіп, келесі жылы Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы 4 еврей қонысы бұзылатынын мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, оның осы жоспары Израильдің қауіпсіздігін нығайтады.