Кешегі 6,8 балл дәрежесіндегі зілзала Жапониядағы соңғы 9 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі болды. Оның салдарынан кемінде 21 адам құрбан болып, екі мыңға таяуы жарақат алған. Бұдан 9 жыл бұрынғы Кобедегі зілзала кезінде 6 мың 400 адам құрбан болған еді.
Бұл жолғы жер сілкінісі астана Токиодан 250 шақырым солтүстікте, негізінен таулы аймақтарта болған.