Журналистердің халықаралық федерациясы Украина басшылығын ақпарат құралдарына қысым көрсеткені үшін сынға алды. Өткен аптада Украина басшылығы тәуелсіз “Бісінші телеарна” телекомпаниясын хабар тарату лицензиясынан айрып, банкт есеп-шоттары жапты. Халықаралық федерацияның Бас хатшысы Эйдан Уайт: “Мұндай ахуал – демократиялық жариялылыққа ұмтылған ел үшін үлкен жанжал”, -деп мәлімдеді.