Бүгін Еуропа Одағы мен Иранның ресми өкілдері Теһранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіру мәселесі бойынша өзара келіссөзін қайта жалғастыруға тиіс. Келіссөз Аустрия астанасы – Венада өтпекші. Өткен аптада Ұлы Британия, Германия және Франция Иранға ЕуроОдақпен арадағы тиімді сауда-саттықты және, егер Теһран өзінің ядролық қару үшін де, ядролық отын үшін де қажетті байытылған уран -өндірісі бағдарламасын доғаруға кепілдік берген жағдайда, оған өзінің жеңіл суға негізделген бейбіт ядролық технологиясын ұсынды.