Accessibility links

АҚШ Украина сайлауы әділ болсын деп ескертті


Америка Құрама Штаттарының ресми өкілдері ескерту жасап, Украина президенттік сайлауы еркін және әділ болмаса Украина шектеу шараларына тап болады деді. Мәлімдемені Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы АҚШ өкілеттігі жасады. Шаралар қандай болуы мүмкін екені таратылған жоқ, дегенмен екіжақ қатынастарға зақым келеді және Украинаның Еуро-Атлантикалық ұйымдарға қосылуы тежелетін болады деп ескертілді. Қызметі аяқталып жатқан президент Леонид Кучманың орнын басуға ұмтылған бас министр Виктор Януковичке бола баспасөзге қысым жасалып жатқаны тілге тиек етілді. Баспасөзге қысым жасалып жатыр деп бүгін сондай ақ алты жетекші телекомпанияда істейтін 160 шақты украиндық журналист мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG