Қазастанның Коммунистік партиясы мен "Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық" партиясы ҚР парламенті мәжілісі сайлауы кезінде “Әбділдин мен Жақияновтың оппозициялық одағы” деген атаумен өздерінің үгіт-насихат бейне-роликтерін көрсетуге бірнеше телеарналармен келісім-шартқа отырғанымен оны негізсіз бұзғаны үшін Қазақстанда хабар таратып келе жатқан бірқатар электронды ақпарат құралдарын - "Хабар", "ОРТ-Қазақстан" және "КТК" телерналарын сотқа беріп отыр.
ҚР парламенті мәжілісінің сайлау науқаны барысында үгіт-насихат жұмыстары басталған тұста “АИСТ” блогының ұсынысына орай Орталық Сайлау Комиссиясы “Әбділдин мен Жақияновтың оппозициялық одағының” үгіт-насихат бейне-роликтерін телеарналарда көрсетуге тыйым салған болатын. Алайда оппозициялық одақ басшылығы бұл жөнінде Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, нәтижесінде Жоғарғы сот Орталық сайлау комиссиясының шешімін заңсыз деп табады. Дегенмен Орталық сайлау комиссиясы өзінің алғашқы хатын қайтарып алғанмен үгіт-насихат бейне-ролигінен “Әбділдин мен Жақиянов блогы” деген фамилияларды алып тастауды және Ғалымжан Жақияновтың сөздерін мүлдем кіргізбеу қажеттігін айтып екінші хатты жолдайды. Ал “Әбділдин мен Жақияновтың оппозициялық одағының” басшылығы бұл ұсыныстарды қажет деп таппай, Жоғарғы сот шешіміне сүйеніп, телеарналарға үгіт-насихат бейне-роликтерін көрсетуді талап етіп, мән жайды түсіндіреді. Алайда үгіт-насихат бейне-роликтері сол күйінше көрсетілмей қалады. Енді "Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық" партиясының саяси кеңесінің мүшесі Виктор Козлов үш телеарнаның әрқайсысынан моральдық шығын үшін 100 миллион доллар өндіріп алу мақсатында сотқа беріп отырмыз дейді.
Осы мәселеге орай пікірін білдірген “Әділ сөз” қорының қызметкрі Ғалия Әженова бұл ретте телеарналардың заң шеңберінде жұмыс істемегенін айтады.
Алайда Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев бұл мәселеде телеарналардың жазығы жоқ дейді.
Ал “Сөз” газетінің редакторы Шәріп Құрақбаев Қазастанның Коммунистік партиясы мен "Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық" партиясы өнбес істі даулап отыр дейді.
Сөйтіп, ендігі шешім ҚР Жоғарғы сотының еншісінде қалып отыр.