Мысырда болатын жаназа шығару барысында оның мәйіті жанында әскери барлық салтанатты рәсімдер атқарылмақшы. Бұл үдеріс жұма күні Астана уақыты бойынша, түстен кейінгі сағат екіде жүзеге аспақшы. Оған 50-ден аса мемлекеттер басшылары, министрлері мен дипломаттар қатыспақшы. Марқұмның денесі содан кейін ғана Рамаллах қаласында жерге табыс етілетін болады.