Ирақтағы сүнни мұсылмандарының ордасы - Әл-Фаллуджа қаласында бесінші күн жалғасып жатқан қиян-кескі шайқаста көтерілісшілер АҚШ-тың 4 тікұшағын атып түсірді. 2 тікұшақ бүгін таңатарда тасадан атылған зымырандармен құлатылса, 2 “Апачи” тікұшағы – кеше күн батқанда жойылды. 4 тікұшақтың да командалары аман қалды. Бүгін таңертең АҚШ күштері Әл-Фаллуджаға әуеден және зеңбіректерден ауыр соққы берді. АҚШ армиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, партизандардың беріспей қарсылық көрсетуіне қарамастан, АҚШ күштері қаланың 80 пайызына бақылау орнатты. Кешеден бері Мосул қаласында партизандар белсенді әрекетке көшіп, Ирақ үкіметіне Ұлттық ұланды сонда аттандыруға тура келді.
Ирақтағы сүнни мұсылмандарының ордасы - Әл-Фаллуджа қаласында бесінші күн жалғасып жатқан қиян-кескі шайқаста көтерілісшілер АҚШ-тың 4 тікұшағын атып түсірді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады