Ирақ көтерілісшілері кеше Рамади қаласында шабуыл жасап, Ирақ ұлттық гвардиясының 8 сарбазын өлтірді, 18-ін жаралады. АҚШ әскерінің өкілі кешегі сөзінде Мосыл қаласында тағы екі мүрде таптық, оның біреуі ирақтық сарбаздікі деді. Кеше, сондай ақ, адамұрлаушылар Ирақ уақытша бас министрі Ияд Аллауидің бір бөлесін кепілдіктен аман-сау шығарды. Ал Ирақ ұлттық сайлауы 30-шы қаңтарда өтеді деп белгіленді.