Accessibility links

Румынияда ертең президент және парламент сайлаулары өтеді


Президент орнынан Ион Илиеску кетіп барады. Оның орнына Социал-Демократиялық партияның өкілі, бас-министр Адриан Насташе және Демократиялық партияның өкілі, Бухарест қаласының әкімі Трян Басесцу таласып отыр. Әлеуметтік зерттеулер екі үміткер тепе-тең келе жатқанын көрсетеді. Олардың ешқайсысы жеткілікті дауыс жинамаса екі аптадан кейін сайлаудың екінші кезеңі өтпек. Румыния 2007 жылы Еуропа Одағына қосылмақ, елде коррупция және жоқшылық асқынып тұр, ел алдында күрделі реформалар мұқтаждығы тұр.
XS
SM
MD
LG