Accessibility links

Ирақ партиялары сайлауды кейінге қалтыруды сұрады


Бірнеше саяси партия қаңтардың 30-на белгіленген жалпы сайлауды алты айға шегіндіруге сұрады. Суннит арабтардың, күрдтердің, христиандардың топтары және кейбір зайырлы топтардың мүшелері Ирақта әлі қақтығыс жалғасып жатыр, дайындық жеткіліксіз, сондықтан сайлауды шегіндірейік дейді. Ирақ Тәуелсіз сайлау комиссиясының төрағасы Хұсейн Хендауи Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында комиссия өздігінен мәселені шешуге құзырлы емес, мұны уақытша үкімет, Біріккен Ұлттар Ұйымы және діни басшыларды қосқан барлық тараптар қарастыру керек деді. АҚШ президенті Джродж Буш Ирақ сайлауы қаңтар айына белгіленген мерзімінде өтеді деп үміттенемін деді. Суннит мұсылмандарының жетекшісі Аднан Пачачи сайлауды кейінге қалтырған жөн деген пікірге қосылды бүгінгі мәлімдемесінде.
XS
SM
MD
LG