Ол Бағдадқа келісімен осындағы НАТО-ң әскери-оқу орталығының ашылуына қатысып, сөз сөйлеген:
-Егер адамдар менен сұрайтын болса, не себепті оқыту қызметі деп, Ирақ адамдары мен Ирақ үкіметі мұны қажет етіп отыр деп жауап берген болар едім. Бұл олардың қалауы. Олар қайткенде тез арада басқалардан тәуелділіктен құтылып, елінің тағдырын өз қолдарына алғысы келеді,-деп атап көрсеткен.
Ирақта НАТО-ң 70 ке тарта оқытушы қызметкері бар, енді олардың саны 400 ге дейін жеткізілетін болады.
Яап де Хуп Схеффер әскери басшылармен және Ирақ ресмилерімен де кездестін болады. Бұл 2003 жылы АҚШ Ираққа кіргеннен бергі НАТО Бас хатшысының бұл елге бірінші жасалып отырған сапары.