Accessibility links

Қазақстан полициясы Хизб-ут-Таһрир ұйымы көсемдерінің бірін қолға түсірді.


АЛМАТЫ: Қазақстанның құқық сақшыларының кеше мәлімдегендей, қантөгіссіз ислам мемлекетін құруды көздейтін Хизб-ут-Таһрир ұйымы көсемдерінің бірі қолға түсті. Қазақстан полициясының өкілі Қалықұл Әбдірахманов Вадим Барсеневтің сенбі күні Шымкент қаласында тұтқындалып, Хизб-ут-Таһрир тобының мүшесі ретінде оған ұлтаралық және діни араздық туғызбақ болды деген айып тағылғанын хабарлады. Ұлты орыс болса да, ислам дінін қабылдаған В.Барсенев – аталмыш ислам тобының қалың бұқарамен байланысын қамтамасыз етуге жауапты болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG