Маша Мудряк 6 жасында дауысының күштілігіне байланысты Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Ол бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық байқауларға қатысып, тек жүлделі орындарды иеленіп келген.
Осыдан 2 жыл бұрын Сочи қаласында өткен байқауда Хамидидің «Қазақ вальсін» және Алябьевтің «Соловья» әнін орындаған Маша Мудряктың талантына тәнті болған итальяндық профессорлар оны Миланның Жоғары музыка академиясының курсында оқуға шақырған еді. Ол жерде емтихандарды ойдағыдай тапсырған Машаға 5 жыл бойы Академияда оқып, музыкалық білімін ұштастыруға ұсыныс түседі. Ол биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап Миланның Ла Скала опера театры жанындағы Жоғарғы музыка академиясында оқуын бастауы керек болатын. «Алайда, виза ала алмауы себепті оқуға бара алмады. Италияның заңы бойынша шетелдік студенттерге 14 жасқа дейін виза берілмейді, ал Маша небары 10 жаста. Дегенмен де, желтоқсанның 7-сі күні біз көп күттірген визаны алдық. Біз оны көп күттік. Маша 3 ай бойы 1-ші семестрді бос жіберді», - дейді Машаның анасы Ольга Мудряк.
Ольга Мудряктың айтуынша, виза алуына Қазақстан мен Италияның Сыртқы істер министрлігі көмектескен. «Енді Маша қаңтар айынан бастап Италияда оқитын болады. Ол осы 3 ай мерзім ішінде бос жатқан жоқ. Италияндық профессорлар мен академиктердің факс арқылы салып отырған опералық партияларын жаттады. Италиян тілін үйренді, жедел түрде 4-ші сыныпты үздік бітірді», - дейді Ольга Мудряк. Ал Маша бүгінде Италияға дайындалып жатқандығын, оқытушысының 15 опералық партияларды жаттауға тапсырма бергендігін айтады.
«Балалар ең алдымен ән айтпас бұрын музыкалық аспаптарда ойнағандары дұрыс. Жас балаларды айқайлатып-айқайлатып жыл өткен сайын дауыстарын құртып алулары мүмкін. Эстрадалық әнші бола алады, бірақ кәсіби әнші болу үшін дауысты күту керек. Маша Мудряк деген кішкентай қызды балалар байқауында көргенмін. Өсе берсін, арамыздан осындай балалар шыға берсін, ал бірақ менің қорқатыным ертең дауысын жоғалтып алуы мүмкін. Қанша дегенмен, дауыс 16-17 жастан бастап қалыптаса бастайды», - дейді Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.
Павлодардың Чайковский атындағы музыкалық колледжінің базалық мектебінде дәріс алып, қазақ, орыс, поляк, итальян, француз, неміс тілдерінде ән шырқайтын Маша Мурряк Гректің опера әншісі Мария Калласқа ұқсағысы келеді екен және ол «Мен дауысымды қатты күтетін боламын, сол себептен де оқуымды одан әрі ұштастырғым келеді. Бүгінде сүйіп орындайтын әндерімнің бірі - «Тақиялы періште» кинофильміндегі «Ана» әні», - дейді.