Accessibility links

Қазақстанда ядролық университет ашылды


Жаңадан ашылған Қазақстанның ядролық университетінің директоры Марат Исмайылов Қазақстан 2010-шы жылы уран өндірісін 15 мың тоннаға өсіріп, осы сала бойынша дүниежүзінде бірінші орынға шығуды жоспарлап отыр дейді. Оның айтуынша, ядролық университет бұл істі атқаруға қажетті мамандардың кәсіби білімін арттырумен айналысатын болады.

-

Бірінші себеп, мамандардың білімін жетілдіру, екінші себеп кәсіпорындардың қайта ашылуына байланысты жаңа мамандар дайындау міне осы себептермен біз осы университетті ашып отырмыз.

Марат Исмайыловтың айтуынша, атом өндірісі саласында істеп жатқан мамандардың көпшілігі соңғы 10 жыл ішінде өз білімдерін жетілдірмеген екен. Мұның сыртында университет қабырғасында 2006-шы жылдан бастап техникалық бағытта білім беретін оқу орындарының соңғы курсында оқып жатқан студенттер де білім алатын болады.

-

12-14 жылдай болып қалды, олардың білімдерін жетілдірмегеніне. Мамандығы сай келмесе де жұмыс істеп жатқандар бар. Соларға 2-3 ай сабақ береміз. Ал үшінші сатыда студенттермен келісім-шарт жасалады, олар сыннан өтеді, ақырғы курс студенттер осында келіп өзінің тәжірибе жұмыстарын жүргізеді деп ойлаймыз.

Жоғары технологиялар институтының директоры Бауыржан Дүйсебаев қазіргі кезде атом өндірісі саласына бірнеше техникалық мамандықтар қажет дейді.

-

Ең бірінші биотехнологтар, инженерлер, химик, геолог, геофизиктер жетіспей жатыр

Қазақстанның ядролық университеті “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық атом компаниясының жанынан құрылып отыр. Университет директоры Марат Исмайылов “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы уран өндіруден бірінші орынға шығуды жоспарлауда дегенді айтады. Мұның себебі..

-

Бүгінгі таңда әлем базарында уранға үлкен сұраныс туып отыр. Яғни көп жұмыс орын пайда болады, екіншіден мемлекетке қаржы түседі.

“Табиғат” республикалық қозғалысының жетекшісі эколог Мэлс Елеусізов онсыз да радиация шаңына көмілген Қазақстанда соншалықты көлемде уран өндірудің еш қисыны жоқ деп есептейді.

-

Мен бұған қарсымын. Оның бәрін зерттеп, ғалымдармен ақылдасып барып жасау керек. Халық бұл туралы білуі тиіс. Ондай көлемде уран өндіру неге қажет?

Бұған жоғары технологиялар институтының директоры Бауыржан Дүйсебаев уран бағасының жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын айтады..



-

Жалпы алғанда уранның бір фунты шамамен 60 доллар, соңғы кезде оның бағасы 20 АҚШ долларына өсіп отыр.

Сонымен қатар жоғары технологиялар институтының директоры Бауыржан Дүйсебаев Қазақстаннан сыртқа шығарылатын уранның, ядролық қару жасауда шикізат болуы мүмкін емес, ол тек жылу, энергия өндіретін атом стансаларына қажет шикізат болып табылады дейді.

-

Бізден шығатын табиғи уран ядролық қару жасауға келмейді Одан ядролық қару жасау үшін оны 235-ші изотоппен байытып, оның көлемін 90 пайызға жеткізу керек.Ал табиғи уранда оның көлемі 1 пайыздан да аз.

Қазақстанның ядролық университетінің директоры Марат Исмайылов Қазақстаннан сатылатын уран қатаң ереже бойынша, негізінен батыс елдеріне сатылады дейді.

-

“МАГАТЭ” -нің шарттары бар. Уранды сату сол ережелердің шеңберінде ған жүзеге асырылады.

Қазақстанның уран кеніштерінде уран негізінен бұрғылау әдісімен алынады. Жердің уран жатқан қабатына бір скважина арқылы арнаулы қышқыл құйылып, одан еріген уран ерітіндісі екінші бір скважинамен сорып алынады. Бұл Қазақстанның ядролық университетінің директоры Марат Исмайыловтың айтуынша қоршаған ортаға еш зияны тимейтін әдіс.

“Табиғат” қозғалысының жетекшісі эколог Мэлс Елеусізов атлаған әдістің қоршаған ортаға тигізер зиянының болмайтындыға күман келтіріп отыр.

- Ол қышқылдың қандай да бір зиянды әсері болмай қоймайды. Оған уранның радиациясын тағы қосыңыз.

Қазақстанның ядролық универсиетінде соңғы екі аптаның ішінде екі топқа бөлінген 22 адам өз кәсіби білімдерін жетілдіріп шықты. Алда үшінші топ екі апталық оқуын бастайды. Әзірге оларға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Универсиетінің оқытушылары мен “Қазатомөнеркәсіп” мамандары дәріс беруде. Алдағы уақытта Ресей мен еуропа елдерінен оқытушылар шақырту жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG