ЕуроОдақтың сыртқы істер министрлері Түркияны ЕуроОдаққа қабылдау мәселесі бойынша Брюссель мен Анкара арасындағы келіссөзді бастау туралы түрік жағының ұсынысын қарайды деп жоспарлануда. Оның барысында 25 елдің өкілдері Түкркияны ЕуроОдаққа қабылдау мәселесі бойынша Анкарамен арадағы келіссөзді 2005 жылы бастауға бола ма, жоқ па деген мәселе бойынша шешім қабылдауға тиіс. Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоган ЕуроОдаққа мүше болуға үміткер басқа елдерге қарағанда Брюссель Анкараға тым қатаң шарт қойып отыр деп айыптады.