Британия Сыртқы істер министрі Жак Строудың сөзіне қарағанда, екі жақ сөйлесулердің келесі сатысына көшуге әзір екен. Яғни Иранның ядролық бағдарламасы азаматтық-бейбіт мақсаттарға ғана арналғандығына кепілдік беретін ұзақ мерзімдік келісімдер жөнінде сөз қозғауға болады, дегенді Строу мырза мегзеп отыр.