ЕуроОдаққа төрағалық ету кезегі келген Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкердің (Juncker) атап көрсетуінше, Ресей мен ЕуроОдақ арасындағы проблема – “негізінен психологиялық проблема”. Гаага қаласында қараша айында өткен жоғарғы деңгейдегі бас қосуда Мәскеу мен Брюссель қауіпсіздік мәселесінде тығыз ынтымақтасу мәселесі бойынша ортақ тіл таба алмауы салдарынан жан-жақты келісімге қол қоя алмады. Ресей Батысты Чешенстандағы адам құқықтарына қол сұқты және ЕуроОдаққа мүше Балтық елдері - Латвия мен Эстониядағы орыс тілділерге “екі ұшты стандарттарды” қолданды деп айыптады. Бірақ сейсенбіде Мәскеуге келген бетінде Люксембург премьері екі жақ ынтымақтастық туралы келісімге мамыр айында қол қояды деп мәлімдеді.