Алматыға келген Беларусь президенті Александар Лукашенконың сапары турасында Қазақстанның ресми органдары: “ Беларусь лидері Алматы түбіндегі Шымбұлақ базасында тау шаңғысын тебу үшін жеке сапармен келді” деп отыр. Алайда Беларуссияның Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, жұмыс сапарымен келген Беларусь жетекшісімен екі жақты кездесулер өтеді дейді.
Естеріңізге сала кетсек, 2002 жылдың наурыз айында Алматы түбіндегі Шымбұлақ базасында ТМД елдері басшыларының саммиті еркін жағдайда, яғни галстуксыз кездесулері өткен болатын. Осы басқосуда Беларусь президенті Александар Лукашенконың өзі айтқанындай, бірінші рет тау шаңғысын Шымбұлақ базасында теуіп көріпті. Ал бұл жолғы Беларусь лидерінің сапарына сол кездегі алғашқы қазақ жеріндегі шаңғы тебу әсерінің ерекше ұнап қалғандығы түрткі болғанға ұқсайды дейді осы мәселеге орай бізге түсініктеме берген ресми орган өкілдері. Олардың айтуынша, қысқа мерзімге демалысқа шыққан Беларусь президенті Александар Лукашенко бұл жолғы тынығуына қолайлы жерді Қазақстанның Шымбұлақ базасы деп тауыпты. Дегенменде аталған демалыс орнын еншілейтін Алматы қалалық әкімшілігіне осы сапарға орай хабарласқанымызда, әкімшіліктің аты жөнін атамаған баспасөз қызметкері біздің сауалымызға ішкі саясат департаментіндегілер ғана жауап беретінін айтты.
Алайда ішкі саясат департаментінің қызметкері Каммунар Табей уақытының жоқтығын алға тартты. Енді біз бұл сапарға орай Беларуссияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқанымызда, елшілік қызметкері Алексей Иванович Беларусь президенті Александар Лукашенконың жұмыс сапармен келгенін және екі жақты кездесулердің болатындығын жеткізді.
Дегенменде ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Мұхтар Ахатұлы бұл ешқандай ресми сапар болмағандықтан екі жақты кездесулердің көзделмегендігін айтады.
Енді біз осы сапарға орай саясаттанушы Сейдахмет Құттықадамның пікірін білген едік. Ол Беларусь президенті Александар Лукашенконың жәй шаңғы тебу үшін ғана келуі мүмкін емес дейді.
Біздің сондай-ақ Беларусь президенті Александар Лукашенкомен Қазақстан жағынан кімдер кездеседі, қандай тақырыптар қаузалады деген сұрағымызға Беларуссияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкері Алексей Иванович ол жақтары бізге әзірге белгісіз деп жауап берді.
Бірақ барлық кездесулерді өткізуге Александар Лукашенконың уақыты жеткілікті дейді Беларуссияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкері Алексей Иванович.