Accessibility links

Орталық Азияда банк жүйесіндегі кемшін тұстар экономикаға кері әсерін тигізуде


Халықаралық Стандарт әнд Пурс деп аталатын несие деңгейін айқындайтын агенттік арнайы баяндамасын жариялады. Онда Орта Азиядағы банк жүйесінің жай-күйі талданған. Қазақстан аймақтағы банк жүйесі бойынша алда келеді. Сондай-ақ ТМД кеңістігіндегі банк иелігінің 4 пайызына ие болып отыр. Алайда Орта Азияның басқа мемлекеттерінде ел өкіметтерінің экономикалық тұрақты реформалар жүргізуге құлықты болмауы себепті банк жүйесі айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмай отыр.

Стандард әнд Пурс агенттігі баяндамасының айтуынша, халықаралық банктер Орта Азия банктеріне мақсатты базар көзі ретінде қарап отырған жоқ. Осы баяндаманың ауторларының бірі Екатерина Трофимованың Азаттық радиосына айтуынша аталған аймақ экономикасы әлемдегі ең сенімсіз саланың бірі болып отыр. “Кең тұрғыда өкімет саясаттары әртүлі болып отыр. Қазақстан жағдайында жекешелендірудің өкімет тарапынан батыл, агрессивті түрде жүргізілгенін көріп отырмыз. Банк жүйесінің 90 пайызынан көбісі қазіргі кезде жеке инвесторлар тарапынан бақыланады. Өзбекстан жағдайында біз мемлекет тарапынан мықты ықпалдың болып отырғандығын байқаудамыз. Түркменстан сияқты басқа да елдерде банк саласына мемлекеттік меншік жоғары дәрежеде болып, 80 пайызды құрауда. Тәжікстанда кейбір жекешелендіру жүріп жатыр. Алайда оның өзі атқарылуы тиіс істің бір бөлігі ғана еді”-, деді Трофимова. Талдаушылардың пікірінше өкімет қолында нарық тұтқаларының көп шоғырлануы үлкен қолбайлау болып, қауіп туындатпақ. Лондондағы Экономист Интеллиженс юнит ұйымының талдаушысы Дафне Тер-Сакарянның пікірінше, қандайда бір реформаларға жол бермеуге тырысушылық экономиканың әлсіреуіне, сол арқылы халық тұрмысының нашарлауына алып келетіндігі түсінікті де.



Бұл орайда Қазақстан айрықша тұр. Казкоммерцбанк, ТұранӘлем банкі мен Халық жинақ банкілері саладағы 60 пайыз көрсеткішке ие болып, сондай-ақ Қырғызстан банк жүйесінің 40 пайызын бақылауында ұстап отыр. Қазақ Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Ораз Жандосов елдегі жетістіктер себебін айта келіп, Өзбекстан жағдайына да тоқтала кетті. “Менің ойымша, Өзбек өкіметі банк жүйесіне шетелдік , оның ішінде әсіресе Қазақ капиталын жібермеу саясатын жүргізіп отыр. Бірнеше Қазақ банкілері Өзбекстанда өз өкілеттіктерін ашу жөнінде өтініш жасаған болатын. Алайда рұқсат ала-алған жоқ. Өзбекстандағы жағдайға түсіндірме жасау қиын, әрине. Дей тұрғанмен, онда болып жатқан істерді үлкен қараңғылық, деп айтса болады”,- деді Жандосов мырза.



Ал, Лондондағы Экономист Интеллиженс юнит ұйымының талдаушысы Дафне Тер-Сакарянның пікірінше, аймаққа халықаралық банктерден шамалы ғана инвестиция келуде. “Кең тұрғыдан алғанда шетелдік инвесторлар Орта Азияға қызығушылық танытып отырған жоқ. Аз ғана ірі өнеркәсіп салаларына, атап айтқанда Қазақстанның мұнайы мен газы және Қырғыз республикасындағы алтын өндіру ісіне, сондай-ақ Тәжікстандағы алюмини өндірісіне инвестиция енгізілуде. Алайда, осы аз ғана секторлардан басқа жерлерге аса қызығушылықтар болып отырған жоқ”,- деді Тер-Сакарян.



Талдаушылардың пікірінше экономикалық, басқару және заңдық реформаларды жүргізіп, оған қолдау көрсетуге Орта Азия өкіметтерінің мүмкіндігі мен ықыласының болуы банк жүйесінің ғана емес, тұтас аймақтың көркейіп өсуіне ықпал етер еді.
XS
SM
MD
LG