Accessibility links

17-желтоқсан-Қазақстанның демократиялық жаңару күні


Осыдан 18 жыл бұрын Алматыда болған желтоқсан оқиғасына байланыста қоғам өкілдері тарапынан айтылып жүрген пікірлер толастаған емес. Ал, саясаткерлердің Қазақстанда аталып өтіліп жүрген 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі мен 17 желтоқсан демократиялық жаңару күні хақында пікірлері әр алуан.

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам желтоқсан оқиғасы кезінде шын мәнінде өзін көрсеткен азаматтардың көбісінің әлі елеп-ескерілмей жүргені айтады. Ал, Қазақстанның тәуелсіздік декларациясы қабылданған күнмен демократиялық жаңару күнін бір күнге қою туралы қоғамда айтылып жүрген пікірлерге орай Сейдахмет Құттықадам өз ойын былай білдірді: Тәуелсіздік мәселесін көп айтып, желтоқсанды жәй ұмытқысы келеді. Оны тек осыған қосқандай болып, әдейі жасап отыр мұның бәрін. Бір жағына солай да болып қалды. 16-ы күні жарияланды тәуелсіздік күні, бірақ менің ойымша, соның өзі саясат болды. Оны бір күн бұрын не кейін жариялауға болар еді. Мұның бәрі саясат.

Ал, желтоқсан оқиғасына қатысқан, қазіргі уақытта парламент Мәжілісінің депутаты болып отырған Нұртай Сабилиянов мынадай пікір айтады: 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік туралы декларациямыз қабылданды. Тәуелсіздігім белгіленген күн. Ал, 1986 жылы 17-ші-18-ші желтоқсанда біз алаңға шыққанбыз. Сондықтанда мен тарихқа ешқандай өзгеріс енгізе алмаймын. Сондықтанда ол 17-ші желтосан күні еске алу күні. Демократиялық жаңару күні. Саясаткер Дос Көшім 17 желтоқсанды Қазақстанның демократиялық жаңару күні деп белгілеген дұрыс. Себебі 1986 жылдың 16-шы желтоқсанында кешкісін алғашқы қырғын басталды. Бірақ негізгі шайқас, жастарды ұрып-соғу 17-ші желтоқсан күн ең ауыр күн болды деп ойлаймын. Қаралы күнмен тәуелсіздік алған күнді қатар қою баяғыдан айтылып келе жатқан мәселе дейді.
XS
SM
MD
LG