Украинадағы саяси дағдарыс тұсында елдің ресейшіл шығысындағы кейбір саяси тұлғалар Киев билігінен бөлініп шығу жолдарын іздестіру керек деген болатын. Елбасылық сайлаулардың келесі сатысында да тарихи айрымашылық Украин халқы арасында тағы да айқын көрініс беретіндей, дейді сарапшылар. Жалпы алғанда, елдің батысындағы тұрғындар- украйн тілінде сөйлейді және көбірек ұлтшыл.
Ал, шығыстықтар- орысша сөйлейді және ресейшіл. Батыс Украина Виктор Ющенконы, ал шығыс пен оңтүстік тұрғындары Виктор Януковичке қолдау көрсетуде.
Бұл елдің тарихи ерекшеліктері жөнінде Мәскеуде орналасқан Карнеги орталығының сарапшысы Николай Петров былай дейді:
“Батыс Украина территорияларының бір бөлігі Польшаның, келесі бөлігі Аустро-Мажарстанның жерлеріне қараған. Мұның өзі тілдегі айырмашылықтарға да негіз болып отыр. Бір жағдайда тіл орыстанған, келесі жағдайда поляк тілінен келген сөздер бар. Тарихи ерекшелік сондай-ақ халықтың діліндегі және саяси мәдениетіндегі ерекшеліктерге де алып келген”,- деді Петров мырза.
Ал Киевте орналасқан Розумков орталығының сарапшысы Олександр Литвиненко тарихқа былайша көз жүгіртеді: “Шын мәнінде, Украина өзінің қазіргі шекарасына 1945-ші жылы, Закарпатия жері қосылған кезде, қол жеткізген болатын. Содан бергі 50-60 жыл көлемінде кейбір айырмашылықтардың тігісі жатқызылды дегенімен, алайда кейбірі әлі сақталып қалған”,-деді Литвиненко мырза.
“Совет әскеріне қарсы шайқасты, одан кейін де қарулы көтерілістер жасады” деп совет басшылары батыс Украинаға қырын қарайтын. Қазірдің өзінде осындай көзқарас шығыстағы тұрғындар арасында бар, дейді сарапшылар. Осыған қарамастан 1991-ші жылғы референдум кезінде шығыс украиналықтардың өзі елдің тәуелсіздігі үшін дауыс берген болатын. Сайлау қорытындыларының қандай болатындығына қарамастан Янукович мырза Украинаның тұтастығын сақтап қалуға өзінің күш салатындығына уәде беріп отыр.
Сарапшы Литвиненконың пікірінше, бір қызығы шығыстағы орысшыл сезімдердің өзі Ресей елін құрметтеуден емес, Совет өкіметі жылдарын аңсаудан туындап отыр екен. Себебі Совет өкіметі жылдары олардың еңбекақысы жоғары болып, нағыз пролетариат үлгісі ретінде Совет насихаты арқылы одаққа көрсетілген. Таяудағы интервьюлерінің бірінде батысшыл бағыттағы үміткер Юшенко орыс тілінің ресми мәртебеге ие болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Ол сондай-ақ Украинаның стратегиялық тұрғыда Ресеймен әріптестік орнатуды көздейтіндігін айтты. Талдаушылардың пікірінше, батысы мен шығыс бөлігіндегі тарихи айырмашылықтарына қарамастан Украин халқы болашақ күндерге біртұтас күйінде баруы тиіс.