Accessibility links

Астанада жалпы жаңа жылдық шараларға 120 миллион теңге жұмсалған


Қаланы безендіру мемлекеттік деңгейде қарастырылды. Биылғы жылы әрлеушілердің жұмыс ауқымы кеңейген. Бірақ, Астана әкімі Өмірзақ Шүкеев қала безендірушілерін Астанада шамдар тым көп қолданылмасын, деп ескерткен. «Астана іскерлер мен саясаткерлер қаласы, сондықтан онда қаталдық сақталуы шарт»,-деді ол. Соңғы кезде, Астанада ауа райы күрт суытып, бірнеше күн суық температура сақталғанына орай, қала басшылығы мұз қалашығын салуды шешкен.

Бұған дейінгі жылдарда мұз қалашығына жұмсалған миллиондаған теңге суретшілердің туындыларымен бірге еріп кеткен болатын. Астана әкімінің орынбасары Сәбилә Мустафинаның пікірінше, бұл мұз қалашығы ерімейді және ауа райының суықтығы онда келгендерге қатты әсер етпейді:

- Жыл сайын әрине ауа райы құбылып тұрады, биыл аяз қатты, мұз қалашығына келген балалар мұздамайды. Оның қасындағы Думан орталығы жұмыс істейді, онда дәмхана, асхана жұмыс істейді.

Қала безендірушілерінің жобалары бойынша, Астанадағы орталық алаңда жаңы жыл белгісі қораздарға көп көңіл бөлінді. Қазір орталықта түнде жанып тұратын екі ірі әтеш орнатылған. Астананың барлық дерлік ірі ғииараттарына жаңа жылдық тілектер жазылды. «Астана-өрнек» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері Айгүл Байғожаева айтып бергендей, биыл аяз ата мен қарша қыздың киімі Еуропадағыдан өзгеше болды. Біздің аймағымыз таза күйінде Азия да Еуропада емес, сондықтан біз өз кейіпкерлерімізді Еуразиялық тақырып бойынша киіндірдік, дейді ол.

Билығы жылдың тағы бір ерекшелігі қазақтың ұлттық киімдерін киген қарша қыз, аяз атамен қатар, қала орталығында Ресей мульфильмдері кейіпкерлерінің пластик мүсіндері көп орнатылған. Оның сыртында, Астананың бас алаңына ұзындығы 6 ені 4 метрден асатын ірі экран орнатылды. Онда қазір кеңес одағы кезіндегі мультфильмдер көрсетіліп жатыр.

Астана тұрғындарының кейбіреуі бұл мультфильмдердің орыс тілінде көрсетіліп жатқанына наразалық білдірсе, жаңа жыл мерекесін әдейі Астанаға келіп қарсы алмақшы болған Қызылорда қаласының тұрғыны Есет Қайырбеков Еуропамен Азия стильдерінің араласуында тұрған ештеңе жоқ, дейді:

- Біз ойыншықтарына, безендірген сәулелеріне ризамыз. Енді, ақиық ағаларымыздың айтуынша, батысқа бой ұрып жатырмыз. Ештеңе етпейді, 70 жыл орекеңдердің ауылында өмір сүргеннен кейін, енді осы мейрамды бір ауылда өткізейік деген ойғой.

Жаңа жыл мерекесінің тағы бір атрибуты-шыршалар. Биыл, қаланың ірі аудандарында жасанды шыршалар орнатылған. Қала әкімі жылда тірі шырша алып шығындалғанша бір рет жасанды шырша алған тиімді, деген болатын. Оның үстіне табиғатқа келтірілген шығын азаяды деген пікірлер айтылған. Астана тұрғыны Айзада Исабекова да қанша қаржы шығындалсада осы ұсыныстың орындылығын айтады:

- Жаңа жыл бір-ақ рет болады, есесіне балалар қуанып қалады. Бір жақсысы жасанды шырша қойған, табиғатқа кеселін тигізбей.

Қаланың кейбір тұрғындарына жаңа жылдық әрлеуге байланысты қаражат берілді. Балкондары жаңа жылдық лебіздер жазылған жолақтармен жабылған қала тұрғындарына осы қолайсыздықтар үшін, үстемақы берілген. Балкондардың сыртында, көшедегі бағаналарда қапталған. Қазір олар шырша бұтақтарымен әрленді. Оның сыртында ірі шамдар арнайы жабдықтардың көмегімен, қала орталығындағы ірі ғимараттарға жаңа жылдық тақырыптардағы суреттерді түсіріп тұр. Болашақта олар жарнама үшін қолданылады. Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін, биыл қаланы безендіруге бөлінген қаражат өткен жылғыдан көп болды, дейді Астана әкімінің орынбасары Сәбилә Мустафина:

- Қалалық бюджеттен 70 миллион теңге жұмсалды, онда тек мұздан жасалған мүсіндер ғана емес. Ал, жалпы 120 миллион теңге.

Бұл қаражатқа жаңа технологияларда алынған, дейді «Астана-өрнек» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері Айгүл Байғожаева. Оның айтуынша, биыл, жаңа жылдық мерекеге орталықта орнатылған ірі шыршаға секунд сайын 7 түспен ауысып тұратын шамдар ілінген.

Жалпы, қаланы безендіруге жауапты компания мамандарының пікірінше, Астанада биыл шамдар өте көп жағылады. Соның арқасында ол тіпті ғарыштанда жарқырап көрініп тұрады, дейді олар.
XS
SM
MD
LG