Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Анкарада Ирақтағы ахуалды талдайды.


АНКАРА: АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитидж бүгін Анкарада Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүлмен кездесіп, көрші Ирақтағы ахуал екі жақты әңгіменің өзегі болады деп күтілуде. Р.Армитидж Анкараға Сирияға қысқа мезгілді сапарынан кейін келіп отыр. Дамаскіде АҚШ өкілі Сирия үкіметінің Ирақпен арадағы шекараны бекітуге жұмсаған іс-әрекетін жоғары бағалап, Сирия жерінен Ираққа С.Хусеиннің үзеңгілестері мен көтерілісшілердің бұдан былай да өтуіне жол бермеу қажеттігін ерекше атап көрсетті. Осы сапарының барысында Р.Армитидж Ираққа да соға кетпекші.
XS
SM
MD
LG