Ассoшэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Ауғанстанның Кунар өлкесінде болған қақтығыста 1 АҚШ жауынгері оққа ұшып, үшеуі жарақат алды. Ауғанстанның Пәкістанмен арадағы шекара аумағындағы таулы Кунар өлкесі Ауғанстанның елдегі шетелдіктер күштерді ығыстырып шығамын деп Талибан қозғалысын қолдап кеткен бұрынғы премьер-министрі, белгілі дала қолбасы Гульбуддин Хекматьярдың тірегі болып саналады. Жексенбі күні АҚШ армиясы Герат өлкесіндегі бір үйді іздестіріп жатқан кезінде зеңбіректен атылған оқтан 1 АҚШ жауынгері мен жергілікті милицияның басшысы опат болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады