Биылғы қаңтардың 6-сы күні Орта Азия елдерінің бірқатар сайттарында өзбекстандық бір топ азаматтың Қазақстанда құлдық жағдайда ұсталғаны туралы мақала жарық көрді. Онда қожайындар әлгі адамдардың денесіне таңба басып, негізінен мақталықтардағы науқандық жұмыстарға салғаны айтылған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы жеке меншік шаруашылықта таңғы сағат бестен кешкі сағат онға дейін күштеп мақта теру жұмысына салынған шетелдік азаматтар тоя тамақ ішпеген, олардың мақта жапырақтарын шайнап, бидай жеп жүрек жалғаған да кездері болғаны туралы жазылған мақалада.
Құлдық жағдайдан қашып құтылған 102 адамның 53-інің денесін күйдіріп таңба басылғандығы, алақанға басылған таңба «Опель» маркілі автокөліктің эмблемасына ұқсас екендігі айтылады сайт мақаласында.
Осы мәліметтерге байланысты Азаттық тілшісі Шардара аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқан еді. Бірақ ондағылар әлгіндей жағдай туралы ақпаратты білмейтіндерін айтты.
«Бізде ондай факт болған емес және болмайды да. Мақта терімі кезінде уақытша есепке тұрып, қолдарына лицензияларын алып жұмыс істеп кететіндері болады, бірақ олар құлдыққа сатылғандар емес. Күзгі уақытта қыркүйек, қазан айларында біраз адамдар келіп, мақта теріп кетеді», – деді ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Бақыт Тастемірұлы Азаттық радиосына.
Ол адамды құлдық жағдайда ұстау оқиғасының бұрын-соңды болмағандығын, ондай жағдайдың учаскелік полиция қызметкерлерінің бақылауынан тыс қалмайтындығын айтады.
«Таңба басу, құлдықта ұстау деген бізде жоқ. Тексеріп жатырмыз, ондай бола қалған жағдайда сот арқылы ауданнан аластатамыз», – деді Бақыт Тастемірұлы.
Алайда халықаралық көші-қон ұйымның Қазақстандағы адам саудасына қарсы бағдарламасының үйлестірушісі Кәрима Жанболатова адамдарды мәжбүрлі түрде жұмысқа шегу оқиғалары Қазақстанда жиі кездесетін жайтқа айналғанын айтады.
«Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз республикаларының азаматтарын темекі плантацияларында, құрылыс алаңдарында, фирмаларда жұмысқа салып жатады. Кей кездері оларға өте мардымсыз жалақы төлейді, бірақ бұл олардың еңбектерін өтемейді, не тамақтарына жетпейді, оларды құл ретінде ұстайды. Орта Азиядан келетін мигранттар көбіне Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары және Қарағанды мен Астанаға келеді. Оңтүстік аймақ шекараға жақын орналасқандықтан көп жағдайда сол өңірлерге топтасады», – деді Кәрима Жанболатова.
Ол бұған дейін адам саудасы мен құлдыққа қарсы бағдарламаға мемлекеттік органдар тарапынан қолдаудың болмағандығын, олар соңғы уақытта ғана бұған мән бере бастағанын айтады.
«Біз адамдарды сатуға, құлдыққа салуға қарсы күресте құқық органдарымен ынтымақтаса жұмыс істемекпіз. Ал 2004 жылдың өзінде біздің ұйымға көмек сұрап, өтініш жазып еңбекке мәжбүрленген 150-ге жуық шетелдіктің бостандық алуына көмектестік, алайда көпшілігі келіп, арыз жазудан қорқады», – дейді Кәрима Жанболатова.
Кейбір деректерде әлемде жыл сайын 4 миллионға жуық адам тірі тауар ретінде сатылатыны көрсетілген. Халықаралық көші-қон ұйымы өкілдерінің айтуынша, Орта Азия елдері азаматтарының еңбегін қанау Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жиі кездеседі екен.