Accessibility links

Бақылаушылардың пікірінше, Палестина президентін сайлауда М.Аббастың жеңіске жету мүмкіндігі басым


Палестинаның Газа аймағында, Шығыс Иерусалимде және Иордан өзенінің Батыс жағалауында шамамен 1.8 млн. сайлаушысы өткен жылдың қараша айында дүние салған Я.Арафаттың орнына 7 үміткердің арасынан жаңа президентті сайлауға тиіс. Бақылаушылардың пікірінше, Палестинаны азат ету қозғалысының төрағасы Махмуд Аббастың жеңіске жету мүмкіндігі басым. Дауыс беру әзірше ойдағыдай өтіп жатыр. Марқұм Я.Арафаттың Рамалладағы кеңсесінде дауыс берген М.Аббас бүгінгі сайлау палестиндіктердің демократияға қарай аяқ басқанын көрсетіп отыр”, -деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG