Рамаллахта орналасқан Палестинаның тәуелсіз Саяси және зерттеулер орталығы мәліметтеріне қарағанда, Аббас мырза 66,3 пайыз, ал оның негізгі қарсыласы Мұстафа Барғути 19,7 пайыз дауыс жинақтаған екен. Қалған дауыстарды өзге бес үміткер өзара бөліскенге ұқсайды. Аббас мырза қарулы күрестерді тоқтатуға шақыра отырып, Израйльмен арада бейбіт келіссөздердің қайта өрістеуін қалайтындығын мәлімдеген болатын. Фатах қозғалысының өкілі Аббастың жеңіске еркін түрде жету мүмкіндігі жайлы көптен күтілген болатын. Сайлауға жалпы сайлаушылардың 65 пайызы қатысқан екен. Ресми қорытынды дүйсенбі күні белгілі болмақшы.