Accessibility links

Адам құқықтары бойынша Human Rights Watch ұйымы Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа ащы сын айтылған хат жолдады


Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан адам құқықтары бойынша Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа жолдаған хатында “Қазақстанның демократиялық таңдауы” халықтық партиясына тыйым салуды - Қазақстандағы саяси еркіндікті қудалау деп бағалап, ащы сынға алды. Өткен аптаның соңында Алматы қалалық прокуратурасының аталмыш партияны Қазақстанның ұлтық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп айыптап, Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді, сот өкімімен “Қазасқтанның демократиялық таңдауы” партиясын жою туралы өкім шығарды. Human Rights Watch ұйымы соттың өкімін 2006 жылы өтетін президент сайлауы қарсаңында Қазақстанның саяси оппозициясы сөзсіз ауыр соққы болып тиеді деп санайды.
XS
SM
MD
LG