Махмуд Аббастың Палестина басшысы ретінде сайлануы аймақтағы бейбіт келіссөздердің қайта өрістеуіне әкеледі, деп әлемдік қайраткерлер сенім артуда. АҚШ елбасы Джордж Буш Аббас мырзаны Ақ үйге шақыратындығын айтты. Еуропа комиссиясының төрағасы Хосе Мануил Баросо өз сөзінде: “Бұл- өміршең және демократиялық Палестина мемлекетін құру бағытындағы өте маңызды қадам. Бейбіт келіссөздердің одан әрі жалғасуын қалайтын аймақтағы барлық тараптар осы іс үшін қазір тізе біріктірулері тиіс. Аббас мырза мен оның Израйльдік әріптесі Ариель Шарон таяу болашақта кездесуге әзір екендіктерін айтты. Бұл- үмітке жетелейтін нышан”, деді Баросо. Сайлау комиссиясы басшысының сөзіне қарағанда Аббас мырза жексенбідегі сайлаулар барысында 62,32 пайыз дауысқа қол жеткізген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады