Accessibility links

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы Виктор Ющенконы президенттік сайлаудың жеңімпазы деп жариялады


Комиссия Ющенконы қолдап дауыс бергендердің саны 51,99 процент, ал оның қарсыласы Януковичті жақтап дауыс бергендер 44,2 процент болады деп атап көрсеткен. Сайлау комиссиясының директоры Ярослав Давидович бұл мәлімдемені кеше кешкісін теледидар арқылы тікелей эфирде жария еткен. -26 желтоқсанда болған қайта дауыс берулерден кейін, Орталық сайлау комиссиясы Виктор Ющенконы Украинаның сайланған президенті деп жариялайды. Ол 1954 жылы туған, Украина парламентінде ол адам хұқтары комитетіне жетекшілік етті. Януковичтің көмекшілері Жоғарғы соттың шешіміне қарсы наразылық жариялайымз деген болатын. Өткен аптада Жоғарғы сот бұл шағымдарды қанағаттандырмады. Сот кеше сондай-ақ барлық сұрақтарға заңды түрде жауап алмайынша, Ющенко сайлау жеңімпазы деп танылмайды деген Януковичтің талабын да кері шегерді. Міне осылардың бәріне де қарамастан, парламент спикері Владамир Литвин заң шығарушылар Ющенконың иннагурациясын қашан өткізу мәселесін бейсенбі күні талқылайтын болады деп айтты. Оған дейін Жоғарғы сот Орталық сайлау комиссиясы шығарған түпкілікті нәтижені мақұлдап, ол үкіметтік екі ресми газетте жария болуы тиіс.
XS
SM
MD
LG