АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ирандағы Нобель сыйлығының лауреаты Шырын Эбадиге қарсы сот процесінің басталу мүмкіндігі мен адам құқықтарының ахуалына үлкен алаңдаушылық білдіреді. Бейсенбі күні Ш.Эбади өзінен бірқатар сауалға жауап алу үшін елдегі сот мекемесінің шақыру алғанын хабарлады. Мемлекеттік департаменттің таратқан мәлімдемесінде “елдегі реформаларды тежеп, саяси еркіндікті аяқасты еткен Иран үкіметінің ұзақ уақыт бойы жүргізіп келе жатқан қудалау саясаты, реформашыл газеттердің жабылуы және Эбадиге қатысты соңғы оқиға – адам құқықтары бойынша халықаралық стандартардың бұзылғанын айғақтайды” делінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады