Accessibility links

Израиль өкімет басшысы Шарон қарулы жауынгерлерге қарсы еркін қимылдауда әскерилерге кең мүмкіндік беріп отыр


Палестиналық жауынгерлерге қарсы шексіз күш қолдануға бұйрықты Шарон мырза жексенбі күні берді. “Палестина басшылығы Хамас пен Исламдық Жихад тобын ауыздықтай алмады”, деген кінә артуда Шарон мырза. Газа аймағында, бейсенбі күні 6 израйльдік қаза болғаннан кейін Израиль өкіметі Палестина басшылығымен барлық байланыстарын тоқтатып отыр. Палестина елбасы Махмуд Аббас атыстарды тоқтату үдерісінің ықтималдығын ақылдасу үшін дүйсенбі күні Хамас және Жихад тобымен пікірлеспекші.
XS
SM
MD
LG