Accessibility links

Егер Израиль Палестинадағыі соғыс қимылдарын доғаратын болса, “Әл-Ақса азап шегушілерінің Бригадасы” тобы қаруын тастауға дайын


Израиль палестиндік экстремистердің өзіне қарсы қарулы күресін доғару жөненде берген уәдесінде тұруына Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас кепіл болады деп үміттенеді. Бүгін Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз осылай деп мәлімдеді. Оның қарсаңында Палестинадағы “Әл-Ақса азап шегушілерінің Бригадасы” сынды бірқатар тобы егер Израиль Палестина жеріндегі соғыс қимылдарын доғаратын болса, қаруын тастауға дайын екенін хабарлаған болатын. “Хамас” және “Ислам джиһады” топтары М.Аббаспен уәжге келгені туралы әзірше еш хабар бермеді. Олар да Израильдің соғыс қимылдарын доғаруды талап етіп отыр. Израильдің қорғаныс министрі палестиндіктер еврейлерге қарсы шабуылдарын доғарса, Палестина жеріндегі соғыс шараларының тиылуын жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG