Ұйым бүгін сейсенбіде жариялаған баяндамада келтірілгеніндей, Ирақ өтпелі кезең үкіметі адам құқының бұзылуында тікелей себепшілердің бірі.
Бірақ Хьюман райтс уачтың деректеріне қарағанда, АҚШ та, Британия да бұл мәселені жариялы түрде реттеуге әрекет жасаған емес.
Адам құқықтары бойынша, Таяу шығыс және Солтүстік Африка бүлімінің атқарушы директоры Сара Уитсон тілшімізге бұл жөнінде былай деген
- Сұралған тұтқындардың айтуынша, оларды төбеден асып қойып ағаш, темір таяқтармен сабаған. Электр тогымен азаптаған. Тамақ бермей қинаған.