«Ақ жол» партиясы тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменовтың айтуынша, Қазақстанда күні бүгінге дейін «ардагер» ұғымы тек жасы келген қарт адамдарға қарата айтылып келеді.
- Анығында, бұл топқа мемлекет нұсқауымен түрлі жерлерде қызмет атқарған, мәселен, ауған соғысына қатысушы, сондай-ақ Чернобыль апатының салдарын залалсыздандыруға ат салысқан азаматтар да қосылу керек, - дейді «Ақ жол» партиясы тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов.
Оның айтуынша, Қазақстанда «ардагерлер» ұғымын кеңейтіп қарастыратын уақыт әлдеқашан жетті:
- Бізде ардагер деген ұғым жасы егде, үлкен адамдарға жақын болып естіледі. Шын мәнінде, үкіметтің шешімімен өзінің қалыпты тыныс-тіршілігін өзгертіп, ерекше тапсырмамен жұмыс жасаған кез-келген адам ардагер деп аталуы керек. Ол – дүниежүзілік тәжірибе. Мысалы, күні кеше қайтыс болған капитан Қайрат Құдабаев та ардагер. Не болмаса, ауған соғысына қатысқандар, яки, қазір Ирак жерінде жүрген жастар. Міне, осылардың барлығы да ардагер.
Әлихан Бәйменовтың ойын одан әрі сабақтаған «Ақ жол» партиясының тең төрайымы Людмила Жуланова «бүгінде «ардагер» атауына лайық көптеген азамат әлеуметтік қолдаудан құр қалып отырғанын» айтты. Ардагерлер мен оларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау деңгейіне қатысты мәлімет алу мақсатымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарласқан Азаттық тілшісіне вице-министр Батыржан Ашитов өзінің ардагерлер ахуалынан хабарсыз екенін жеткізді:
- Мен бұл сауалдарға жауап бере алмаймын.
«Қазақстанда ардагерлер ұғымы қалыптасқан ба? Ол топқа кімдерді жатқызуға болады?» деген сауалмен Алматы жұртшылығына да микрофон ұсынған едік:
- Олардың барлығын «ардагер» деп атаған өте дұрыс. Өйткені, ол азаматтардың барлығы да өз денсаулықтарынан айрылып, жүктелген тапсырманы орындады емес пе. Сондықтан, оларға Үкімет тарапынан тиісті қолдау жасалынуы керек.
- Меніңше, "ауғандықтарға" қолдау жасалыну керек. Өйткені, олар соғысқа барып келді ғой. Ал, Чернобыль апатының салдарын залалсыздандыруға қатысқандардың мәртебесі мүлдем бөлек емес пе.
- Иракты білмеймін. Ол енді саяси мәселе ғой. Ал, негізінде ардагерлер Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен ауған соғысына қатысқандар ғой. Ал, Чернобыльға барғандарға қатысты Ресейдің өзі ешбір шара жасап жатқан жоқ. Сондықтан, біздікін дұрыс деп айта алмаймын.
«Ақ жол» партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов көпшілік талқысына шығарылған заң жобасын енді бір айдан кейін үкіметке жөнелтетіндерін айтты. Бұл ретте, ардагерлер ахуалын жақсарту үшін парламент депутаттарына жүгінуден қайран жоқ деп санайды ол:
- Ең алдымен үкіметті көндіре алсақ, қазіргі сайланған мәжіліс депутаттары сол атқарушы билік өкілдерінің айтқанынан шыға алмайды. Өйткені, бұл заңсыз сайланған мәжіліс. Сондықтан, оларға үміт артудың еш қисынын көріп тұрғаным жоқ.
Ал, мәжіліс депутаты Амангелді Айталы өткен 5 жыл ішінде парламент қабырғасында ардагерлер туралы бірнеше заң жобасы талқыланғандығын еске алып, бұл жобасымен «Ақ жол» партиясы ешқандай жаңалық ашып отырмағандығын» атап айтты:
- Ол ешқандай жаңалық емес. Қазақстанда бүгінде 39 мың ардагер бар. Ардагер деп тек Ұлы Отан соғысына қатысқандар айтылады. Егер де, осы құрамға басқа азаматтарды да қосатын болсақ, жаңағы сан бірнеше есе өседі. Бұл жерде барлық мәселе қаржыға келіп тіреледі. Яғни, біз қазір көрпемізге қарай көсіліп, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге ғана қолдау көрсетіп отырмыз. Басқаларына да көмек жасалады. Бірақ, мардымсыз. Оларды Ұлы Отан соғысына қатысқандармен теңестіре алмаймыз. Ауған жерінде болған, Чернобыльға барған азаматтарға 2005 жылдан бастап 1 реттік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы беріледі. Болды. Ал, басқаша әрекет жасауды бюджет көтере алмайды.
Ал совет әскері қатарында Ауғанстандағы соғысқа қатысқан, республикалық «Боевое братство» ұйымының жетекшісі Сергей Пашевичтің айтуынша, соңғы жылдары көптеген ұжымдық қауіпсіздік келісіміне мүше болып қабылданған Қазақстан үшін ардагерлер туралы заң қабылдау қажеттілігі әлдеқашан туған.
- Әлгіндей келісімдерге сәйкес, Қазақстан сарбаздары адам өмірі сынға салынар кез-келген қақтығыс орындарына аттандырылатын болады. Ал, осындайда әрім-ақ өзінің белгілі деңгейде қорғалғандығын сезінгісі келеді. «Ардагерлер туралы» заң негізгі 4 мақсатты көздеуге тиіс. Ол - мемлекеттік тапсырма орындаған кез-келген азаматты кейіннен медициналық сауықтыру, психологиялық сауықтыру, әлеуметтік тұрғыдан қорғау және еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері болуы керек, - дейді запастағы полковник Сергей Пашевич.