«Ақ жол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы Ақ үй қожайынының «алдағы 4 жылда тираниямен күреске баса назар аударамын» дегенін құптарлық әрекет деп қабылдайды. Ал президенттік «Отан» партиясы төрағасы орынбасарының көмекшісі Қазыбек Қазкенов «қандай да бір мемлекеттің бөтен мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғуы аса құптарлық іс емес» деп отыр.
Америка президенті Джордж Буш қаңтардың 20-сы күні екінші мерзімге президент болып қайта сайлануына орай өткізілген инаугурациясында: «Америка Құрама Штаттарының ендігі жүргізер саясаты - әлемдегі барлық мемлекеттерде демократияның дамуына қолдау көрсету, осы мақсатта тиранияны жоюға бағытталады» деп мәлімдеген еді.
Қазақстанның бұрынғы ақпарат министрі, «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының айтуынша, бұл сөздердің Қазақстанға да қатысы бар.
- Себебі, Қазақстанда да азат емес қоғам орнаған. Сондықтан да осы қоғамды өзгерту үшін президент Буштың аузынан шыққан сөздің Қазақстанға да тікелей қатысы бар. Бұл ретте маған екі тезис ұнады. Алғашқысы: «егер сіздер, қарапайым халық азат өмірге ұмтылатын болсаңыздар, онда біз сіздердің қастарыңызда тұрамыз» дегені. Ал, екіншісі билікке ескерту есебінде: «сіздер өз қарсыластарыңызды түрмеге жабу арқылы, қудалау арқылы билікте отырамын десеңіздер және бізбен жақсы қарым-қатынаста боламын десеңіздер, қатты қателесесіздер» дейді. Мен бұл ұстаныммен де толық келісемін, - деді Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Қазақстан демократиялық күштері үйлестіру кеңесінің төрағасы Жармахан Тұяқбай Америка президентінің айтқандары Қазақстан басшылығына да ой салуға тиіс деп санайды.
- Менің ойымша, кез-келген тәуелсіз мемлекет өз мәселелерін өзі шешуі керек. Өз басым бізге басқа жақтан біреу келіп жұмақ орнатып береді деп ойламаймын. Бірақ, әрине, өркениетті елдердің, халықаралық қауымдастықтың әр елдегі ішкі жағдайға берген бағасы сол ел басшыларына өз ықпалын тигізбей қоймайды. Себебі, біз ауасыз кеңістікте тұрған жоқпыз. Сондықтан, осы мәселе турасында дұрыстап ойлану керек деп есептеймін, - дейді Жармахан Тұяқбай.
Ал, президент Назарбаев жетекшісі болып табылатын «Отан» саяси партиясы төрағасы орынбасарының көмекшісі Қазыбек Қазкенов бұл ұстаныммен келіспейді.
- Мейлі ол Америка президенті болсын, мейлі Франция президенті, тіпті бірнеше президент жиналып келсе де, бөтен мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғуы - халықаралық заңдылықтарға сай емес, - дейді Қазыбек Қазкенов.
Америка президенті Джордж Буш өз инаугурациясында: «ұстанған саяси көзқарастары үшін түрмелерге қамалып, қудалауларға ұшыраған реформатор-демократтар, Америка Құрама Штаттары сіздерді болашақ өз мемлекеттеріңіздің лидері деп таниды» деген болатын. Қазақстан коммунистік партиясының хатшысы, бұрынғы мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов АҚШ президентінің инаугурациядағы сөзінен көңілге түйгенімен былайша бөлісті:
- Джордж Буштың айтқандарына мен толық келісемін. Ол өз сөзінде: «Америкаға ең үлкен қауіп экстремизм мен терроризм» деді. Ал, «осы ұғымдарды туындатуға кім себепкер?» деген сауалға да ол кісі жақсы жауап берді. Экстремизм, терроризмді тудыратын - тирания, тоталитаризм. Америка президенті өз сөзінде: «бостандық жоқ мемлекеттерде терроризм туындайды» деп айтып өтті.
Төлен Тоқтасыновтың ойынша, Америка Құрама Штаттарының "қара тізімінде" Қазақстанның да болуы әбден мүмкін.
- Мен инаугурацияның тікелей репортажын түнде теледидардан толық көріп шықтым. Сонда жаңағы президенттің сөзі аяқталғаннан кейін бірнеше сарапшылар Джордж Буштың айтқандарына байланысты өз көзқарастарын білдірді. Менің байқағаным - Америка тирания ұғымына қатысты бірінші орынға Иранды, ал екінші орынға Солтүстік Кореяны қойып отыр екен. Міне, осы екеуінің ортасына Беларусь мемлекетін енгізіп қойғанына таң қалдым. Сосын ауызша айтқан сөзінде АҚШ президенті Орталық Азия, оның ішінде кешегі совет одағының құрамында болған мемлекеттер дегенді айтып өтті. Енді, тікелей Қазақстан деп айтылмаса да, менің ойымша, Орталық Азияда алғашқы орында Түркіменстан, сосын Қазақстан болуы керек, - дейді Төлен Тоқтасынов.