Жікшіл ел Шешенстаннан делінген ол топ 4-5 адамнан құралған. Олар Нальчик қаласындағы бір пәтерден табылған. Араларында 2 әйел азаматы да бар.
Қабардин-Балқар республикасының ішкі істер министрі Шөгеновтың айтуынша, полиция ол топты берілуге шақырған, бірақ қарулы топ ұсынысқа әзірше көнбей отыр. Ол топты, өткен желтоқсанда, Қабардин-Балқар еліндегі есірткі қылмысымен күрес агенттігіне қарсы шабуылда қатысқан топпен байланысты деп шамалануда. Ол шабуылда агенттіктен көптеген қару-жарақ ұрланған болатын.