Ресейдің өзіндегі Ашлук, Капустин Яр әскери сынақ алаңдарының аталған зенит кешенін сынауға мүмкіндігі төмен болғандықтан орыстардың жаңа зымыранын сынау Қазақстанның Балқаш полигонында өткізілмек.
Мұның заңдық негіздері қандай? Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл туралы ақпарат беруден бас тартса, ресейлік әскерилер ТМД-ның әуе қорғанысы жүйесіне Қазақстанның мүше екендігін алға тартып отыр. Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдрахманов осыдан үш жыл бұрын Сарышаған әскери сынақ алаңын бірлесіп пайдалану жөніндегі Ресей-Қазақстан келісім-шартын қазақ парламенті мақұлдағанын айтады.
Қазақстандағы «Табиғат» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов Ресей әскерилерінің С-400 «Триумф» зымырандық кешенін Қазақстанда сынақтан өткізуіне қарсы. Қазақстанның жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары Александр Сизовтың айтуынша, Сарышаған әскери сынақ аймағына 8 миллион 125 мың гектар жер бөлінген.
- Оның жалға алу мерзімі 2006 жылы аяқталады, - дейді Александр Сизов.
Парламент мәжілісінің депутаты Амангелді Айталы Ресей әскерилерінің неліктен Приозерскідегі сынақ алаңына қызығушылық білдіріп отырғандығына тоқталды.
- Өйткені, Приозерск сынақ алаңында зымыран көлбеу емес, тура аспанға атылады. Кезінде Хрущев осы Приозерск пайдалануға берілгенде 15 мың шақырым биіктіктегі шыбынды атып түсіре алатын қуатымыз бар деп мақтанған, - деді Амангелді Айталы.
Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдрахманов бұл жаңа зымыранды сынаудың зардаптары келісім-шартта көрсетілгеннен жоғары екендігі анықталса, қоршаған ортаға зиян келтірсе, онда сынақ өткізуге тыйым салынатындығын айтады Ал, мәжіліс депутаты Амангелді Айталы бұл жерде Қазақстанның әуе қорғанысына қатысты мемлекет мүддесі тұрғандықтан парламент ресейлік әскерилердің бастамасын қолдауы мүмкін деген пікір білдірді.